• Депутат Хор «обчистил» олигарха Махмудова? title=
    Депутат Хор «обчистил» олигарха Махмудова?
  • «Распил» бюджета Москвы стал «системным проектом»? title=
    «Распил» бюджета Москвы стал «системным проектом»?
  • Михаил Чучкевич и хищение на миллиард title=
    Михаил Чучкевич и хищение на миллиард
  • Игорь Шувалов заимел второй бермудский бизнес-джет title=
    Игорь Шувалов заимел второй бермудский бизнес-джет
Пятница, 06 Октябрь 2017 07:03

БАТЫР АНА (Раиса Дүйсенбаеваға арналады) Featured

Айтсаң айт,Батырлығын Раисаның!
(Ананың тағдырына қайысамын)
Сілкиді Нұрсұлтанды зілзаладай,
Ерлігін айтып,
Қайсын тауысамын!

Алдында,
Ақ орданың
Ақмолада,
Қазаққа мейірімсіз тас қалада:
Жүреді зарын айтып ақ шаш Ана,
Өзіндік басында жоқ баспана да.

Айтады өзін емес – 
Мыңның зарын,
(Биліктің тыңдамаған есі жарым)
Лақтыру Аналарды жуындыға,
Нөбілге үміткерге біткен «дарын»...

Қазақтар –
Жер-Анасын жоқтағандар,
Дегендер «мораторий» – 
Оттағандар!
Шенділер жер сатуды құптағандар:
Ерлерді жер қорғаған соттағандар...
Қараңа ниеттерің жайылғырлар,
Анаға қарсы мылтық оқтағандар.

Ана жүр шашын жайып,
Жоқтау айтқан,
«Нұрлылар» тыңдамайды қарғыс атқан...
Тұнжырайды қара аспан зәрін төгіп –
Күздің қара суығы,
Құстар қайтқан...

Қуаныш МҰҚТАЙ
ақын, қоғам қайраткері